23.11.2022, 18:01
Оқылды: 67

Кезекті сессия өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясы өтті.

IMG_4147

Мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиевтің жүргізуімен өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, мәслихат депуттаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Д.Әмірханұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Соның ішінде атқарылған жұмыстар: мал шаруашылығы, жайылымдық жерлер, шағын кәсіпкерлік, таза ауыз сумен және көгілдір отынмен жабдықтау, құрылыс, автомобиль жолдары туралы айта өтті. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт саласына, «Рухани жаңғыру», «Атамекен» бағдарламаларының жұмыстарына да тоқталды.

IMG_4152 (1)

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 15-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде баяндады.

IMG_4143

Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер қаралып, шешім толықтай қабылданды.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале