Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың 3 қаңтары күні «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым ел экономикасы мен егемендікті нығайту» - деген сұхбатында, ел экономикасын көтерудегі маңызды қадамдардың бірі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» екенін атай отырып, оның халықаралық дәрежеде еліміздің беделіне нұсқан келтіріп қана қоймай, меғмлекеттік органдардың жұмысына деген халық сеніміне селкеу түсіретіндігін атай отырып бұл мәселені күн тәртібінде басты назарда ұстайтындығын атап өтті.
Сондай жаңа өндіріс орындарының ашылуы, кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау, шетел инвестициясын ел экономикасына тарту т.с.с. мәселелердің күн тәртібінен түспей жалғаса беретіндігіне тоқтала отырып осындай жұмыстардың нәтижесі жұмыссыздықтың азаюына халықтың жаңа мамандықтарды игеруіне тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етілуіне алып келетіндігін атап өтті. Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел экономикасының өзекті мәселесін көтеруі өте маңызды болып табылады сол себептен менің де мемлекет басшысының бастамасын қолдау отырып алдағы күндерге яни болашаққа деген сенімім пайда болды.
Аслан Алданов
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы