2.07.2024, 21:00
Оқылды: 81

«+1 Илон Маск» командасы бөрлілік оқушыларға ноутбук сыйлады 

"+1 ноутбук= +1 табысты бала" қағидатын ұстанатын «+1 Илон Маск» компаниясы командасы Бөрлі ауданы ауыл мектептерінің 15 оқушысына ноутбук сыйлады. Салтанатты шара Ақсай қаласы №5 ЖОББМ өтті. Оған оқушылар мен ата-аналар, аудандық білім беру бөлімінің мамандары мен мектеп әкімшілігі қатысты.

ноутбук (1)

«+1 Илон Маск» командасы ноутбуктарды жинайды, қажет болған жағдайда, жөндейді және бүкіл Қазақстан бойынша мұқтаж балаларға табыстайды. Қордың негізгі мақсаты балаларға ноутбуктың көмегімен жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және IT әлеміне қадам бастыру.

- Біз осы жоба арқылы балалардың ІТ саласында жетістікке жетіп, жаңа әлемді бағындарғанын қалаймыз. Ұсынылған ноутбуктардың барлығында соңғы бағдарламаларды, тіл курстарын орнатамыз. Олардың кейбірін оффлайн түрде қолдаунға болса, кейбірін интернет арқылы қосыла алады. Қазіргі кезде дейін еліміздің 11 өңірінде болып, барлығы 260 ноутбук сыйға бердік. Бұл жоба елімізде жаппай карантин болған кезде ойға келді. Одан бұрын қайрымдылықпен айналысып жүрген болатынбыз. Оффлайн оқу кезінде көптеген ауыл балаларының сабақ оқу мүмкіндігі жоқтығын байқадық. Содан ноктбкутарды жинап, жөндеп, жаңа бағдарламаларды орнатып, сыйға тартсақ деген мақсат туындады. Қазіргі таңда жұмысымыз өз жемісін беріп келеді,-дейді «+1 Илон Маск» компаниясының жетекшісі Динара Шажымбаева.

Ноутбуктар ауыл мектептеріндегі үздік оқушыларға, олимпиада жеңімпаздарына, дарынды балаларға табысталды. Өз кезегінде оқушылар мен ата-аналар жоба авторларына, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

-Бүгін мен үшін ерекше күн. Біздің ауданымызға келіп, бәрімізді қуантып жатырған «+ Илон Маск» компаниясының өкілдеріне көп рахмет. Осындай игі істің басында жүрген барша жандарға алғысымды айтамын. Бұл қолымыздаға ноутбук біздің жаңа әлемге, жаңа жетістіктерге бастайды деген ойдамын. Өз мүмкіндімігді одан әрі аттырып, сабағымды өте жақсы оқуға талаптанатын боламын,-дейді Ақбұлақ мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің оқушысы Аяулым Ғайса.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале