1.03.2022, 9:00
Оқылды: 93

1 наурыз – Алғыс айту күні

Жыл өткен сайын адам ағзасында әр түрлі өзгерістер болатыны белгілі. Менің де соңғы жылдары жүрегім сыр беріп, әлсін-әлсін дәрігердің көмегіне жүгінетін болдым. Жуырда Бөкей ордасы аудандық ауруханасының кардиологы Әсима Ламашева мені Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жолдамамен жіберді. Облыс орталығындағы ауруханаға келіп, коронографиядан өттім.

5d6864d23add65e377beb3d366cda952_XL

Фотосурет: 24.kz

Жүрегімнің коронарлық түтікшелерін тексергенде, ота жасау қажеттігін айтты. Жүрекке ота жасату, әрине, оңай емес. Алайда отадан басқа амал жоқ деген соң келістім. Күрделі ота сәтті өтті. Осы орайда кардиохирург А. Ермұқановқа, анестезиолог Айнаш Досмұхановаға, мейірбике Евгения Больдқа, лаборант Миржан Капиевке, кіші медициналық қызметкер Зулфия Бергеноваға алғыс айтамын. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, ақ халатты абзал жандар!

Сәрсенбай Қуаншалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале