15.11.2022, 17:45
Оқылды: 247

15 қараша – қаржы саласы қызметкерлерінің күні

Бүгін Жаңақала аудандық әкім аппаратының мәжіліс залында 15 қараша – Ұлттық валютаның қолданысқа енген күнімен қатар келген қаржыгерлер күніне орай жиын өтті. Жиынға аудандық экономика және қаржы бөлімі, кірістер басқармасы, қазынашылық басқармасы және де аудандағы бухгалтер мамандар қатысты.

26

- Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруы, инфлияцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.

Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!,- деп экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов әріптестеріне құттықтау сөзін арнады.

 

2

3

Сондай-ақ қаржы саласының дамуына өзіндік үлес қосқан Г.Бижанова, А.Бижанова, Т. Башанова, А.Бисекешов, Ж.Биғалиева, А.Кенжеғалиева, Н.Исмағұлов, А.Бақтығұлов, Г.Сағынова, А.Габдраховаға аудан әкімі Дархан Закариннің алғысхатын табыс етті.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале