27.08.2018, 13:02
Оқылды: 54

16 ауылда билер кеңесі құрылды

Қазталовта Батыс Қазақстан облысы сотының судьясы Есенбай Боранбаевтың қатысуымен  билер кеңесінің жиыны өтті.

biler kenesi (3)

Жиын барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков  күні бүгінде  аудан бойынша 16 ауылдық округте 61 адамнан тұратын билер кеңесі құрылғандығы туралы айтып өтсе, облыстық сот судьясы билер кеңесі жөнінде сөз қозғады.

-Билер кеңесінің құрылуы ғұн, үйсін дәуірінен басталады. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін, Тәуке хан тұсында шешім айтқан билер кеңесінің орын бөлек болған. Билер кеңесі осы кезеңде дараланып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешетін органға айналды. Бабалар ізімен билер кеңесін қайта жаңғырту үлкен іс болмақ, -деді Е.Боранбаев.

Жиынға  қатысқан билер кеңесінің мүшелері кеңес жұмысының форматы, медиациядан айырмашылығы және басқа да мәселелер жөнінде сөз етті.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале