5.04.2022, 12:45
Оқылды: 40

18 477 төл алынды

Күн жылынып, қыстан аман шыққан жанның ауызы аққа тиді. Қорадан мал шығарған малшының етек-жеңі кеңіп қалды. Теректі аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек, мал басына төл қосылып, қыстан олжалы шыққан екенбіз.

IMG-20220404-WA0030

Теректі ауданындағы қожалық-шаруашылықтарда 70 мыңнан астам аналық мал бар екен.  Соның ішінде 23 445 бас сиырдан 6232 бұзау алынған. 33 917 бас қойға 9940 қозы ілесіпті. 5606 бас ешкі 1360 лақ туған. 6643 бие табынға 537 құлын қосқан. Соңғы жылдары ауданда «талпақ танаулар» азайып кетті. Бары 465 бас аналық шошқадан  410 торай алынған. Сонымен, төлдің жалпы саны 18 477 бас.

Мал төлдету әлі де тоқтаған жоқ. Мысалы, былтыр дәл осы кезеңде төл басы биылғы шамада болған екен. Ал, мал жайлауға шығар кезде 48 мыңдай төл қосылған мал басына. Ендеше, биыл да сол межеден көрінуден үміт етейік.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале