Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылдық округіндегі осы аттас орта мектепке ат басын тіреді.
Білім ұясына кіреберістен қарсылап алған мектеп директоры Лунаргүл Дишенова бірден мектептің жай-күйі мен тыныс-тіршілігін баяндады. Оның айтуынша, бұрынғы балабақша болған ғимаратқа бала сыймайды. Сол себепті кейбір сыныптарды бөлек орналасқан ғимаратта оқытады.
Мектепалды даярлық тобындағы оқушылардың дамуына да еш мүмкіндік жоқ. Мектепте 110 оқушы білім алуда. Аталмыш мәселеге қатысты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина толыққанды жауап берді. Айтуынша, 2024 жылы 108 орындық модульді мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Салынатын жері де белгіленген екен.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz