Жаңақалада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауылдық округтер мен аудандағы мекемелерден 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.
Бұл жолы кәсіптік мамандармен қатар жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға сұраныс жоғары екені байқалды. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру саласының мамандары қажет-ақ. Шарада жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің тікелей жүздесіп, бос орындар туралы ақпарат алмасты.
-Менің мамандығым - акушер-гинеколог. Биыл Қазақстан-Ресей медицина университетін тәмамдадым. Жәрмеңке барлық санаттағы азаматтарға есептелген, жас бойынша шектеу жоқ. Адамдар осы жерде жұмыс таба алады, өйткені бос орындар көп, таңдауға мүмкіндік бар, -дейді Жаңақала ауылының тұрғыны Нұрсая Суталиева.
Айта кетейік, жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлығы 22 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 10 адам тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 9 адам жастар практикасы бойынша жұмысқа жолданды. Ал 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Айта кетейік, жыл соңына дейін осындай 3 жәрмеңке өткізілмек.
Н.ЕСЕТОВА,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz