Сырым ауданында "Syrym Runners" әуесқой жүгірушілер клубы биыл да дәстүрлі "22 наурызға - 22 шақырым" жартылай марафонын жүгіріп өтті.
"Syrym Runners" тобының қыз-жігіттеріне биылғы қыстың ұзап кетуі де кедергі бола алмады. Аудан орталығы Жымпитыдан бастау алған жүгіру Саралжынға дейін ұласты.
- Денімізге қуат берсе, жыл сайын дәстүрге сай төл мерекемізде жүгіруді дәстүрге айналдырмақпыз. Өзге аудандарға, жерлестерімізге үлгі бола алсақ, бізге содан асқан бақыт жоқ,- дейді топтың қыз-жігіттері.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz