Бәйтерек ауданындағы шағын ауылдардың тұрғындары дауыс беріп бола келді.
Ал Раздольный ауылдық округіндегі Ақбидай ауылы тұрғындарының сайлауға келуі сағат 17:00-де жүз пайызды құрады.
Айта кетейік, бұл ауылдағы №188 сайлау учаскесінде 51 адам тіркелген болатын.
Сонымен қатар Зеленый, Сұлукөл, Красноармейск (Январцев ауылдық округі), Чувашка (Достық ауылдық округі), Өркен (Көшім ауылдық округі), Жалын, Мирный (Макаров ауылдық округі) ауылдарында тұрғындардың 80 пайыздайы өз таңдауларын жасады.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан алынған мәліметке қарағанда, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 24226 бәйтеректік дауыс (61,8 пайыз) берді.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz