Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгіновтің Бөкей Ордасына жасаған жұмыс сапарының екінші күні игі дəстүрден бастау алды. Хан Ордасы ауылында биыл 5 гектар жерге 5 мың түп қарағай көшеті егіліп, қоршауға алынған еді. Облыс əкімі Алтай Көлгінов пен облыстық мəслихат хатшысы Мəлік Құлшар сол алаңда тал отырғызды.
Бөкей ордасы орман шаруашылығының директоры Талғат Саматовтың айтуынша, жаңа отырғызылған қарағайдың 3 мыңдайы ғана бой көтеріп келеді. Жалпы, аудандағы орман алқабын сақтап қалу мəселесі жылма-жыл экологиялық ахуал нашарлаған сайын күрделене түсуде.
Облыс басшысы Алтай Сейдірұлы 5 гектар алқаптағы қарағай тұқымын өсіру үшін суландыру жүйесін жасауға техника бөлуге ықпал ететінін айтты. Бұл үшін уақтылы суғарып, күтімге алуға жергілікті басшы-мамандар жауапты қарауы тиіс.
Бұдан соң облыс басшысы ауылдағы жеке дəріхана мен стоматология кабинетін көрді. Дəріхана жеке қаражатқа салынса, былтыр ашылған жеке тіс емдеу орны "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы ауқымында 1,5 млн.теңгеге жабдықталған.
Кейін облыс басшысы Бөкей ордасы тарихи музей кешенін аралап, Жəңгір хан, күйші Дəулеткерей Шығайұлы сынды танымал тұлғалардың кесенелері орналасқан қорымға барды.
Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz