22.08.2016, 22:19
Оқылды: 53

БҚО басшысы Казталов ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

Screenshot_2016-08-23-08-05-52-1Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Қазталов ауданына ат басын тіреді. Сапар барысында өңір басшысы Тереңкөл ауылдық округінде болып, округ орталығы Нұрсай ауылындағы құрылыс нысандарын аралады.


Screenshot_2016-08-23-08-07-57-1Биылғы жылы Нұрсай ауылынан 11 шақырым қашықтықта Апандыой аумағындағы жер асты су қорынан «ҚұрылысГаз» ЖШС құбыр тартуда. "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 246 млн. 467 мың теңгені құрайды. Бұл қаражаттың бүгінгі күнде 61 млн. 617 мыңы бөлінген.

Шілде айында басталған жобаны келер жылы аяқтау көзделгенімен, бір-екі айда ауылішілік желілерді тартуға серіктестік директоры Каримолла Жақыпов облыс басшысынан 100 миллион теңге қаражат бөлдіруді сұрады

Сонымен қатар ауыл орталығында 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген орта мектеп биылғы жылы бюджеттен 162 млн. 636 мың қаражат бөлініп, мердігер "Батыс строй" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын бастап та кетті. Осы екі құрылыс нысандарын аралаған облыс әкімі мердігерлер мен аудан басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы жасалып және өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Нұртай Текебаев

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале