Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Бәйтерек ауданына қарасты Раздольный ауылдық округінде жеміс көшеттері отырғызылды.
Егемендік құрметіне арналған 30 түп жеміс ағашы округ орталығы Раздольный ауылындағы Жеңіс саябағында орналасқан.
Атадан мал қалғанша, тал қалсын ұранымен оздырылғар игі бастамаға әкімдік қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, мәдениет үйі қызметкерлеріне атсалысты. Сондай-ақ акцияға ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің сарбаздары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшісі Марзия Кунуспаева қатысты.
-Бұл акцияның өзіндік мәні бар. Тұғырлы тәуелсіздік мерекесіне орай отырғызған жас ағаштар тарихы терең, бірлігі бекем мәңгілік еліміздің өшпейтін символы секілді болады. Онымен қоса, бізден үлгі алар балаларымызға араналған естен кетпес естелік, -дейді округ әкімі Жалғас Жиенғалиев.
Назерке Сыйлыбаева,
Байтерек ауданы
zhaikpress.kz