3.11.2021, 17:30
Оқылды: 43

30 жылдыққа – 30 көшет

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, Сайқын ауылының М.Мәметова атындағы көшесінде орналасқан саябаққа 30 көшет отырғызылды.

250569641_2698553703624388_1235995676932454483_n

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов бастап, аға буын өкілдері Ерболат Таңатов, Тілеген Арыстанбеков, Марат Қадешев, Меңдібай Қаресов және аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева қолдаған бастама ауылдағы басқа саябақтарда да, елді мекендерде де орын алмақ.

250631430_2698553646957727_1549728901648456133_n

Айта кету керек, Сайқын ауылдық округі әкімшілігі ұйымдастырған бұл шараға бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысып, қолғабыс етті. Бүгін отырғызылған алма және мақтаншақ теректерінің көшеттері көктемде тамыр жаймақ.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале