1.11.2021, 10:06
Оқылды: 38

"30 жылдыққа – 30 түп көшет"

Осындай ұранмен бүгін Сырым ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратура қызметкерлері Жымпиты көшелеріне ағаш екті.

250768194_2266551606984876_4665784879859598691_n

Игі істі басқа ұжымдар да жалғастырды. "Тамаша тамаша емес, бірақ та ол, Бір мезгіл кетпен - күрек ұстамаса!" - дегендей, мекемелердегі қызметкерлер де кеңседегі қызметін ысырып, қолдарына күрек алып, экологиялық акцияға атсалысты. Жымпиты ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Тұрар Камаловтың айтуынша, бүгін жол бойлары мен саябақтарға 290 түп аққайың 15 емен егілген.

250861046_2266551786984858_1064108215537471151_n

Көшеттерді егу – бір күннің шаруасы. Ал оны күтіп-баптау күн сайын атқарылатын шаруа. Сол шаруа шатқаяқтап қалмаса болды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале