27.04.2022, 13:00
Оқылды: 88

300 түп көшет отырғызды

Қаратөбе ауданында өтіп жатқан санитарлық-экологиялық айлық аясында сәуірдің 23-і күні аудан орталығындағы 21 мекемеден 60-тан астам ұжым қызметкерлері сенбілікке шықты. Бұл - аудан орталығындағы екінші сенбілік.

 6

– «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, елдігіміз ауыл ажары мен қоршаған ортаның  тазалығынан-ақ көрініп тұрады. Сондықтан ауылдың әр азаматы айналаның тазалығына үлкен мән беруі тиіс. Ұжымдар бойынша ер азаматтар сенбілікке шығып, өткен жұмадағы алғашқы сенбілікте өздері жинастырған С.Датов көшесі бойындағы саябақтарға үйеңкі, қарағаш, көктерек  көшеттерін отырғызды, - дейді Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманы Жасұлан Темірғалиев.

7

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұйымшылдықпен өткен аталмыш сенбілікте ауылға кіре беріс жолдағы қоршауларға әп-сәтте 300 түп көшет егілді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале