19.11.2024, 18:00
Оқылды: 15

312 балаға 43 407 теңгеден ақшалай көмек берілді

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста бір ғана мәселе қаралды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев қолайсыз отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және аз қамтылған отбасы балаларының мұқтажын өтеуіне жағдай жасау, жалпыға міндетті оқу қорынан берілетін көмектер туралы баяндама жасады. 

image-19-11-24-03-33-1

- А.Оразбаева негізгі орта мектебіндегі аз қамтылған 2 оқушыға «Күзгі асар» жәрмеңкесінен түскен қаражатқа қыстық күрте мен жаңа аяқ киім алып берілді. Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінің аз қамтылған отбасына мектеп әкімшілігі атынан оку құралдары мен бір реттік қаржылай көмек берілді. Х.Халиуллин атындағы мектеп ұжымы атынан 2 оқушыға қыстық күрте сатып алынды. №1 мектеп-лицейіндегі аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар жалпыға міндетті оқу қорынан мектепте тегін ыстық тағаммен қамтылды. Сабаққа қатысымы, үлгерімі қадағаланып, отбасының әлеуметтік жағдайын қадағалау мақсатында рейд жүргізіліп тұрады.

image-19-11-24-03-33

Биылғы 2024-2025 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан, қолайсыз отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және аз қамтылған отбасы балалардың және аз қамтылған отбасы балаларына жалпы есеппен 312 балаға 43 407 теңгеден ақшалай көмек берілді, - деді Асхат Хамитұлы.

Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды.

Жиынды Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале