17.10.2024, 16:00
Оқылды: 28

Теректіде қанша тұрғын үй салынып жатыр?

Әр қазақтың өмір сапасының басты көрсеткіші тұрғын үймен байланысты екені ақиқат. Үйің болса, күйің де болары хақ. Жиренше шешеннің хан ордасынан үйіне келіп, күркесінен аяғы, көрпесінен сирағы шығып жатып, «айқай, өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дегені де бекер емес.

IMG_8917

Сурет: pixabay.com 

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде осы мәселеге тоқталды. Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1 175 адам бар екен. Соның ішінде халықтық әлеуметтік осал топтары санатында 878 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

– Қазіргі уақытта екі пәтерлі бес тұрғын үй салынып жатыр (барлығы 10 пәтер). Сатып алынатын тұрғын үй құрылысы бес ауылда жүргізіліп жатыр (Ақжайық, Аңқаты, Ақсуат, Богданов, Долин). Әр үйдің көлемі 80 шаршы метр, - деді Әлия Биғазықызы. 

Сонымен қатар ауданда жалға берілетін көппәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Подстепныйда – екі үй, Теректіде – екі үй, Ақжайықта – бір үй. Жобалардың жалпы кұны – 2,3 млрд теңге.

Аталған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 130 отбасы тұрғын үймен қамтылады.

Жақсы жаңалықпен сүйіншілеген аудан басшысы:

– Бұдан басқа Тоқпай ауылынан 20 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды. Аудан тұрғындарының жеке тұрғын үй салу қарқыны да жыл сайын өсіп келеді. Тұрғын үй салу үшін жер учаскесіне кезекте тұрғандар саны – 14 548 адам, - деді.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале