Шыңғырлауда аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің, «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтың қатысуымен жиын өтті.
Жиында аудандық партия филиалының 2024 жылы атқарылған партиялық жұмыстарының есебі, «Ауыл аманаты» партиялық жобасының Шыңғырлау ауданында орындалуы туралы, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының Шыңғырлау ауданында орындалуы туралы есебі ортаға салынып, «AMANAT» партиясы БҚО филиалының бөлім басшысы Ажар Нұралының партия жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Кейін Азамат Сафималиев партиялық бақылау жүргізу мақсатында аудан орталығында салынып жатқан су мұнарасы бар қысымды реттейтін құрылымның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Құрылысты «Қалдығайты» ЖК жүргізіп, 100 кубтық мұнарасы бар, 1200 кубтық су резервуарын салып шықты. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Енді негізгі су желісіне қосып, қолданысқа беру ғана қалып тұр.
Бұған дейінгі қолданыста болып келген 1300 кубтық резервуарды қоса есептегенде жалпы көлемі 2700 кубтық су қоймалары халыққа қызмет ететін болады.
Бақылау шараларынан соң «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, «AMANAT» партиясы БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Гаухар Шайхиниязова Шыңғырлау ауданы тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Сондай-ақ Шыңғырлау аудандық «AMANAT» партиясы ғимаратында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясы Батыс Қазастан облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Нұрхат Жанбоз, Шыңғырлау ауданының мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев төрағалық етті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық қорғау салалар бойынша мәселелер қаралған жиынға аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары, мамандары қатысты.
Күн тәртібінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен адам құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар, түнгі мезгілде қызмет көрсететін ойын-сауық орталықтарында құқық бұзушылық пен түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату бойынша жағдай, қоғамдық қауіпсіздік, қысқы мезгілдегі өрт қауіпсіздігі, алдын алу шаралары, балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары қаралып, талқыланды.
Жалпы аталғандар бойынша туындаған мәселелер айтылып, шешімдерін шығару мақсатында ұысыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Әсел Әлім
Шыңғырлау ауданы