Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінде қалада оқып жүрген ақбұлақтық жастармен оқушылардың кездесу кеші өтті.
Мақсаты жоғарғы оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шараны Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенова кіріспе сөзбен ашып, мамандық таңдаудың маңыздылығын, оның адамның алдағы өмірінде алатын орны, бүгінгі жастардың білімді маман болып шығуы оның тек өзінің ізденісіне, терең біліміне тікелей байланысты екендігін тілге тиек етті.
Кездесу кешінде Тасмола орта негізгі білім беретін мектебінің психологы Лена Мұратқызы «Психолгиялық сәтті» ұйымдастырып, жастарды қызықтырып әкетті.
Екінші бөлімде «Бос микрафон» сұрақ-жауап кезеңі орын алды. қатысушылардан адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз, болашақ мамандықты таңдаған кезде нені басшылыққа алу қажет, бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды, жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет т.б сұрақтарға жауап алынды.
Шараға келген студенттер де өздерінің білім алу жолындағы кездескен кейбір қызықты, тәлімді сәттерді ортаға салып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айгүл Аблезова, тәлімгер Алмагүл Дандиқұлова, Тасмола негізгі орта білім беретін мектебінің тәрбие ісінің орынбасары Жанболат Қуанышев ойындар ұйымдастырып, тренинг өткізді. Шараны қорытындылаған мәдениет үйінің директоры Алмагүл Имашева студенттерге алдағы арман-мақсаттарына жетуіне тілек білдірді.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы