Бөрлі ауданының Бумакөл ауылында шаңғыдан жасөспірімдер мен ересектер және ардагерлер арасында аудан біріншілігі өтті.
Александров, Бөрлі, Қарағанды, Қанай, Бумакөл ауылдарынан қатысушылар шаңғымен жарысты. «Жарысқа ауданымыздың 7 командасы қатысты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ақсай» спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен және «Тарлан» жастар қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстың облыстық кезеңі қаңтар айының ортасында өтеді» ,- деді «Ақсай» спорт кешенінің директоры Исатай Тастемірұлы.
Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Александров ауылдық округі , ІІ орынды Қарағанды ауылдық округі иемденсе, І орыннан № 2 орта мектебі көрінді.
Аида Есенаманқызы