27.06.2024, 15:30
Оқылды: 105

«40 грант беру жоспарда бар» – Әлия Мұханбетжанова

Теректі ауданында соңғы 10 жыл ішінде «Бизнестің жол картасы» және «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 5 млрд 914 млн теңгеге 120 жоба қолдау тапқан.

D40BFFBC-7416-452F-A615-74453BFFC695

Тінін тарқатсақ, 2023 жылы 852 млн теңгеге 21 жоба, ал биылғы жылдың бес айында 412 млн теңгеге төрт жоба қаржыландырылған.  

– Аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы биыл 46 қарыз алушыға 548 млн 600 мың көлемінде несие берілсе, ал өткен жылы 66 қарыз алушыға 1 млрд 165 млн теңге несие берілді. «ҚазАгроҚаржы» ұйымы арқылы 103 млн 900 мың теңгеге 15 жоба лизинг арқылы қаржыландырылды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі облыстық конкурс шеңберінде 2023 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында өз бизнесін құруға 17 жоба қатысуға өтінім берді. Оның ішінде төрт жоба 19 млн 886 мың теңге сомасына инновациялық бизнес жобаларға грант иегерлері болды, - дейді баспасөз брифингіне қатысқан Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова.

DA8CF3A1-5CB1-4CC5-90A3-72D9A863A6A3

Айта кетейік, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 25 млн. 424 теңгеге 18 жоба мақұлданған.

Биыл 57 млн. 680 мың теңгеге 40 грант беру жоспарда бар.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале