28.01.2021, 10:52
Оқылды: 36

40 шақырымды еңсерді

Жуырда Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұстаздары жоспарға сай бірінші қиындықтағы шаңғы жорығына шықты. Олар Жәнібек – Медет –Ақоба бағыты бойынша екі күндік дала жорығын еңсеріп келді. Бір күн далада түнеген ұстаздар жорықты сәтті аяқтаған.

11859A1B-B752-46F6-A3CF-8D5AF5D81F9F

   -Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі - шаңғы туризмі. Ол біздің ауданда жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан,өзінің қызықты сәттерімен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады. Орталықтың ұстаздар қауымы үшін шаңғы жорығына шығу еш қиындық тудырмайды, - дейді орталықтың оқу ісі меңгерушісі Меңдігүл Қуанәлиева.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале