1.04.2023, 22:54
Оқылды: 72

4000-ға жуық терек отырғызылды

Бүгін аудан орталығындағы «Қарасу» тоғаны маңында арнайы дайындалған алаңға 4000-ға жуық терек отырғызылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және санитарлық айлық аясында ұйымдастырылған акцияға ауданымыздағы мекеме ұжымдары үн қосты.

20230401050140_IMG_8812

20230401045817_IMG_8804

- Казталов ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен 4000-ға жуық терек отырғызу акциясын қолға алдық. Бүгін ауданымыздағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты, Казталов мектеп-лицейінің ұжымдары және Казталов ауылдық округі әкімшілігінің мамандары мен ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар акцияға қолдау көрсетуде. Мақсатымыз, табиғатты аялап, орманды алқаптардың санын арттыру болып табылады, - деді округ әкімі Ернар Галимов.

20230401055306_IMG_8867

20230401051504_IMG_8841

20230401050535_IMG_8824

Іс-шара аясында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы да «Парктер шеруі - 2023» табиғатты қорғау экологиялық акциясын ұйымдастырды. Экологиялық акция аясында мекеменің қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар терек отырғызып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, акция барысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен, оқушылардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында оқушыларға терек отырғызу ережесі түсіндіріліп, табиғатты қорғау мақсатындағы ескертпелер айтылды. Ал, Казталов мектеп-лицейінің оқушылары табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған экологиялық айлықты қолдайтындықтарын атап өтті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале