8.02.2017, 11:41
Оқылды: 31

Өзекті мәселелер сөз болды

????????????????????????????????????

  Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан активінің жиналысына  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров, ТДК-42 телеарнасының директоры Табылғали Сапаров, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақдәулет Ибраимов қатысты.


  Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің кіріспе сөзімен ашылған жиында  сөз алған Кеңес Абсатиров Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, құжатта айтылған бес басымдықтардың бағыттарын баяндады. Ол өз сөзінде Жолдауда айтылған сандық технология, бизнестік ортаны кеңейту, аграрлық өндірістік кешенді дамыту, жемқорлыққа қарсы күрес тағы да басқа өзекті мәселелерді кеңінен айтып өтті.

  Өз кезегінде ТДК-42 телеарнасының директоры Табылғали Сапаров елде ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құрудың маңыздылығын, оның мақсаты күш біріктіру, кәсіпкерлердің басын қосып, тауарларды мемлекет арқылы шетелге шығарып сату қажеттігін, онсыз дамудың мүмкін еместігін  айтып, бұдан әрі білім, денсаулық салаларына алда енетін тіл және медициналық сақтандырудағы кейбір өзекті мәселелерді тіліне тиек қылды.

  Аудан активінің жиналысында жарыссөзге қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиевтер Елбасы Жолдауынан туындайтын аудан көлеміндегі шешімін тапқан істермен бірге болашақта шешімін күткен мәселелерді ортаға салды. Олардың ішінде ауданда жерді пайдалану тиімділігін арттыру, аудандағы суару, суландыру жүйесін жөндеп, қалпына келтіру,  жем мен шөптің тұрақты қорын жасақтау, жол мәселелері  секілді  жайттар бар.

  Сондай-ақ Жәнібек ауылының тұрғыны, кәсіпкер Бауыржан Сабанов Жолдауда айтылған сандық технологияға орай ауданда ғаламтор байланысының сын көтермейтінін, сондай-ақ Конституцияның 26-бабындағы өзгерісті құптамайтынын және ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құру, кәсіпкерлікті дамыту, медициналық сақтандыру төңірегіндегі күрмеуі қиын мәселелерді сөз етті. Бұл сауалдарға меймандар тарапынан тиісінше жауаптар қайтарылды.

                                                                                     Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале