Бүгін Зеленов ауданы Январцев ауылында «Шағым - мемлекеттік қызметші индикаторы» атты облыстық жоспар жобасы аясында тұрғындарды ашық қабылдау күні өтті.
Аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудан прокуроры Закария Саралеев, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, мәслихат депутаттары, ауыл шаруашылық, экономика және қаржы, халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет, және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, мәдениет, жер қатынастары, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу, аудандық аурухана, кәсіпкерлік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ветеринариялық бөлімдер, пробация қызметі, әділет, салық басқармасы, қорғаныс, мұрағат бөлімінің басшылары мен мамандары қабылдау барысында халықпен емен-жарқын әңгімелесті.
Кездесуге жиналған жұртшылық өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Бүгінгі қабылдауда тұрғындар тарапынан 44 сауал түсті. Олар негізінен құжаттарды рәсімдеу, кәсібін дамыту, өз ісін ашу, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту сынды сұрақтар төңірегінде болды.
Айта кетейік, дәл осындай жоба өзге де округтерде жалғасын таппақ. Нәтижесінде сараптама жасалып, алдағы уақытта мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік орган өкілдері жұмыстанатын болады.
Д.БЕРІШ
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz