Казталов ауданының «Рухани жаңғыру» кеңсесінде «Мейірбан жүрек» аналар клубының жетекшісі Нұрия Хабибуллинаның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «Түріміз басқа – тілегіміз бір, тіліміз басқа – жүрегіміз бір» атты тақырыпта этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Оған қонақ ретінде Александр Гефнейдер мен Надежда Гефнейдер шақырылды. Әңгіме арасында Казталов ауданының «Құрметті азаматы», орыс ұлтының өкілі Надежда апамыз осы жерде туып, осы өлкеде 43 жыл акушерлік қызмет атқарғанын, 6000-нан астам баланың «кіндік апасы» болғанын айтты. Ал ұлты неміс Александр ағамыз болса, өзіне Казталовка топырағы ерекше ыстық екенін жеткізді. Мектеп оқушылары да қалыс қалмай, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Көзімнің қарасы» әнін қалықтатса, Құрманғазы бабамыздың күйлері де кеш шырайын аша түсті. Ал енді Александр Гефнейдер 8-наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай шығарған өлеңін жиналған нәзік жандыларға арнап оқып берді.
Диана БАҚСЫҚ
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер