27.01.2017, 17:23
Оқылды: 29

430 орындық мектепте 878 оқушы білім алуда


Borli bilik pen halik   Ақсай қаласының іргесіндегі Қызылтал шағынауданы жыл санап емес, күн санап өсуде.

  Аталған шағынаудандағы мектеп 430 орынға арналған болса, бүгінде онда 878 оқушы білім алуда. Қызылталдықтар бұл мәселеге аудан әкімі Алдияр Халеловтың назар аударуын сұрады.


  Тұрғындардың әкімдермен жүздесуінде Құрылыс-3, Құрылыс-4 көшелерінің тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар көп болды. Олардың айтуынша, жаңадан бой көтерген 40 үй бүгінде көгілдір отынсыз отыр. Ондағы тұрғындардың тең жартысы пәтер жалдап жүрсе, кейбірі үйлерін электр пештің көмегімен жылытып отыр. Сондай-ақ жолы да мәселеге айналды. Әсіресе көктем мен күз мезгіліндегі балшық оларды әбігерге салады екен. Сонымен қатар жиында тұрғындар мектеп пен балабақша жақтағы көшелерде жарықтың жолқығын айтып, көшелердегі қар тек әкім келгенде ғана тазартылатындығын жеткізді. Жиында шағынауданның тазалығы да айтылмай қалмады. Аталған мәселелер бойынша Алдияр Сансызбайұлы жауап берді. Көгілдір отынсыз отырған үйлердің жауапты мекемемен келіссөзде жүргізіліп және қажетті құжаттарды қайта рәсімдеп жатқандығын айтқан аудан басшысы 13 ықшамауданда алдағы жылы мектеп пен балабақша салынатындығын да айтып өтті. Ал қар тазалау мәселесі  бойынша сұраққа Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д.Бегелдиев жауап беріп, өткізілген тендерді «ЗеленСтройСервис»ЖШС ұтып алғандығын, аталмыш мекеме жыл бойына №7 және Қызылтал шағын ауданы аралығындағы барлық көшелерді тазалайтындығын айтып өтті.

  Сондай-ақ қызылталдықтар амбулаторияда әлеуметтік қызметкердің жоқтығын да айтып қалды. Құрылыс-3 көше тұрғындары үйдегі жарықтың нашарлығы салдарынан көріп жатқан қиындықтарын да тілге тиек етті. Аталған сұрақтардың барлығы да жауапсыз қалмай, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале