22.06.2017, 15:49
Оқылды: 22

50 отбасыға көмек берілді

рамазан айы.+Рамазан - баршаға ортақ ізгі амалдар айы. Он екі айдың сұлтаны саналатын қасиетті айда қайырымды жандардың қолдауымен Ақсай мешіті қызметкерлері ізгі іс жасады.


Бөрлі аудандағы көп балалы, аз қамтылған және жалғыз басты 50 тұрғынға азық-түлік таратты.

«Рамазан – сыйы» деп аталған қайырымдылық шара осымен үшінші жыл өтіп отыр. Игі іс мұнымен аяқталмақ емес, себебі, асыл дінімізде қайырымдылық жасау мұсылманның ізгі амалдарының қайырлысы екені белгілі.

 Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале