Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясы – облыс деңгейінде үздік білім беру ұйымы боп танылды.
Бұл – лайықты марапат. Себебі мектеп ұжымы мен оқушылар биыл түрлі деңгейде өткен білім додаларында топ жарып, оқу-тәрбие жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірде үздік деп танылған мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әсел Ерментаеваға 54 млн теңге гранттың сертификатын табыстады.
Бұл қаражатқа мектептің кабинеттері жаңғыртылып, қажет құрал-жабдықтар алынады.
Аида Асылбек
Ақжайық ауданы