19.03.2023, 7:57
Оқылды: 14

55 сайлау учаскесінде дауыс беру жүруде

Бәйтерек ауданындағы 55 сайлау учаскесінде де дауыс беру сағат 7.00-де басталды. Алғашқы болып келгендерге сыйлықтар ұсынылды.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 07.55.59

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бекет Нығметовтың айтуынша, ауданда 39 193 сайлаушы бар. Қазір 368 сайлау комиссиясының мүшелері жұмыстарын тыңғылықты атқаруда.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 07.55.58

Аудан бойынша ірі сайлау учаскелері Переметный, Мичурин, Трекин ауылдық округтерінде орналасқан. Переметный ауылындағы №155 сайлау учаскесінің төрағасы Болатбек Ахметжанов мәлімдегендей, сағат 7-00-де он шақты адам келіп, дауыстарын берді олардың бәріне сыйлықтар ұсынылды.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 07.56.00 (1)

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале