17.08.2022, 10:30
Оқылды: 72

59 түлек – грант иегері

Шыңғырлаулық түлектер биыл жарады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинаған олар еліміздегі және шетелдердегі жоғары оқу орындарын таңдаған болатын. Сол мектеп бітірген 96 түлектің жуырда 59-ы грант иегері атанып, алдымен өздері қуанып, ата-аналарының да мерейін тасытып, ұстаздарының да еңбектерін ақтады.

4

Фото дереккөзі: tolqyn.kz

57 мектеп бітіруші еліміздегі түрлі жоғары оқу орындарында оқитын болса, ал екі түлек шетелдердегі жоғары оқу орындарының грантына ие болды. Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебін тәмамдаған Тұрар Каримов Түрік еліндегі Мерсин мемлекеттік университетінде «Қонақ үй бизнесі» мамандығын игермек болса, ащысайлық Төреғали Ділмұхамед те алыста жатқан Литва елінде «Витовта великого» университетінде биотехнология саласын меңгермек.

5

Бұған қоса облыс әкімінің грантына ие болған түлектер саны да жуырда анықталмақ.

Он бір жыл оқыған білімдерін өмір жолдарына азық қылатын шыңғырлаулық жастарға әрдайым ақ жол тілейміз!

Г.Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале