10.05.2022, 15:18
Оқылды: 34

600 келі қызылша таратты

Бударин ауылында туып-өсіп, қазіргі уақытта Орал қаласында тұратын Бақтыгүл Баянова туған ауылымен қарым-қатынасты еш үзген емес. Бақша егіп, жомарт жерден өнім алып, шаруасын дөңгелетіп отырған ол ауылдастарына әрқашан қарайласып тұруды парыз санайды.

WhatsApp Image 2022-05-10 at 16.16.17

Өткен жылдары алтын ұя – мектебіне 260 мың теңгеге ағаш көшеттерін сатып алып, тарту етсе, былтыр ауылдағы мешіт, балабақша құрылысында жүрген жұмысшыларға дастарқан жайып, еңбектеріне алғысын білдірді.

Биыл да ізгі әдетінен танбай, Бударин ауылының аз қамтылған 60 отбасына 600 келі қызылша таратып, тұрғындардың ризашылығына бөленді. Әрқашан өзінің туған ауылына оралып, көмектесіп тұратын осындай жандар көп болғай.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале