2.07.2022, 14:21
Оқылды: 45

71 адам суға кеткен: 29-ы бала

1 маусымнан бастап елімізде 71 адам суға кеткен. Оның 29-ы бала.  

IMG-20220702-WA0058

Бұл мәліметті кеше Сырым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов айтты.

Міне, осы жантүршігерлік сандар жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатаң қарауға мәжбүр етіп отыр. Комиссия отырысында Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов те жоғарыдағы мәселеге алаңдаушылығын білдірді.

- Біздің ауданда өзен жағаларында арнайы шомылу орындары жоқ. «Жабайы жағажайлардың» жұмысын тоқтатып, арнайы суға түсу орындарын ұйымдастыруға тиіспіз. Балаларға жүзу техникаларын үйренуі үшін бассейндерді іске қосу керек, – деді Сырым ауданының прокуроры. Осы сияқты отырыста түнгі уақытта кәмелетке толмағандарың занды өкілінсіз көшеде жүруі және кәмелетке толмаған балалардың автокөлік, мотоцикл айдау фактілерінің тіркелуі туралы, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен орын алған дене жарақаттары туралы, аудан бойынша трансформатор қоршалуы секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале