Жәнібек ауданында инвестициялық салымдарды субсидиялау бағыты бойынша 2014-2016 жылдары ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алғандар шығындарын қайтарып алды.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың мәліметіне сәйкес, ауданда осындай бағыт бойынша техника саудалаған 77 шаруа қожалығының шығындарының 50 пайызы өтелген.
Шаруа қожалықтардың 2014-2016 жылдарға тиесілі 128 миллион теңге қаражат қолдарына тиген.
Н.Өтей
zhaikpress.kz