«Самғау» коворкинг орталығында «IteachMe» қоғамдық қорының OrleTECH2.0 жобасы аясында аудан жастарымен кездесуі өтті.
Оған «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Беғалиева, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Аэлита Абулхаирова, америкалық эксперт Cristin Leahy, «IteachMe» қоғамдық қоры жобаларының координаторы Асылжан Есенбек қатысты. Кездесу барысында сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Аэлита Абулхаирова қонақтарды таныстырып, қош келдіңіз айтса, келесі кезекте сөз алған «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Беғалиева жиынның мақсатын түсіндірді.
«Жиынның мақсаты жастарға кең мүмкіншіліктер бар екенін айтып, оларды біздің жобаға қатысуға шақыру. Бұл жобаны Shell компаниясымен бірлесе істеудеміз. Жоба арқылы 18 бен 30 жас аралығындағы жастар заманауи мамандықтарды екі айдың ішінде онлайн оқып шығады да, сертификат алып жұмыс істей беруге болады. Ол веб-шебер, тестілеу оқулары. Бұл курстар жайдан-жай таңдалмады. Біздер үлкен компаниялардан сұрастырып, қандай мамандықтар қажет екенін анықтадық. Олар қазіргі таңда нарықта тестілеу мен веб-шеберлер жетіспейтігін алға тартты. Бірінші маусым бітті. БҚО мен Маңғыстау облысынан 36 адам оқуларын ойдағыдай бітіріп шықты. Олардың 24 қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Бұл мамандықтар олардың негізгі жұмыстарына кедергі жасамайды. Бұл жұмыстарды дистанцияда жасай беруге болады. Бұл курстар тегін. 80 адамға тегін грантымыз қарастырылған. Олар Маңғыстау облысы, БҚО, Атырау облысының жастарына. Оқу онлайн түрде өткізіледі. Екі жарым айдан кейін олар өздерінің жобалық жұмыстарын жұмыс берушілердің алдында қорғайды. Одан әрі жұмыс берушілер оларды іріктеп жұмысқа алады», - дейді «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Беғалиева.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz