16.07.2019, 17:51
Оқылды: 57

Қаратөбеде татуласу орталығы ашылды

ҚР Жоғарғы Сотының басым жобаларын орындау, дауларды соттан тыс шешу институттарын насихаттау және дамыту, қоғамда жанжалды азайту бойынша халықпен жұмыс істеу үшін бірыңғай алаң құру мақсатында Қаратөбе ауданында татуласу орталығы ашылды.

IMG_9807

Татуласу орталығының ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев:

– Медиация институтын жан-жақты насихаттау, ел ішінде туындаған келіспеушіліктердің алдын алу және халықтың ауызбіршілігін нығайту бағытында татуласу орталығы ашылып отыр. Қоғамдағы даулардың өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында аудандағы билер кеңесі мен кәсіби емес медиаторлар халықпен жұмыс жасайтын болады. Түскен шағымдарды сотқа жеткізбей тараптарды татуластыру мен тұрғындардың ынтымағын нығайтуға зор ықпал етеді, - деді.

Тараптарды татуластыруға арналған орталықтың маңызы мен атқаратын негізгі жұмыс бағытына тоқталған аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова мен аудандық билер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев татуласу орталығының лентасын қиды.

Жаңадан ашылған орталықта аудандық билер кеңесі, кәсіби емес медиаторлар дауды бейбіт түрде шешу үшін жұмыстар атқармақ. Сонымен қатар, дауларды шешудің соттан тыс тетіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, қоғамдағы қайшылықты азайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін болады.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале