15.04.2022, 13:37
Оқылды: 40

98 пайызға орындалды  

Қазіргі таңда «АМАNAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іс асыру жөніндегі жол картасының орындалу барысын талқылаған жиындар өтуде. Сондай алқалы басқосуды аталмыш партияның Бәйтерек аудандық филиалы да ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2022-04-15 at 09.35.30 (2)

Жиын барысында мәлім болғандай, 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы асында 7 басымдықты дамыту бағыттары бойынша ауданда 137 іс-шара қамтылған еді. Былтыр жоспарға енгізілген 90 шараның 98-ы жүзеге асты. Сайлауалды бағдарламаның екі көрсеткіші ғана орындалған жоқ. Оның бірі Раздольное ауылына кіре беріс жолды (10,3 км) орташа жөндеу болса, екіншісі Дариянда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. Аудан әкімі, аталмыш партия филиалы төрағасы Марат Тоқжанов айтып өткендей, бұл екі көрсеткіштің орындалмауы объективті себептерге байланысты. Жергілікті атқарушы билік өз тарапынан тиісті іс-шараларды алды. Қазіргі таңда Раздольное ауылының кіреберіс жолына қатысты құны 524 176,8 мың теңге болатын жобалық-сметалық құжаматтама дайын тұр. Дарияндағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша да жобалық-сметалық құжаматтама әзір.

WhatsApp Image 2022-04-15 at 09.35.30

– Аудан тұрғындарының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс орындары санын ұлғайту бағытында жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде алдағы бес жыл ішінде аудан бойынша 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Былтыр 1182 адам жұмыспен қамтылды. Мәселен, былтыр Рубежен ауылдық округіндегі «Рубцов» шаруа қожалығы көкөніс дақылдарын қаптамада өңдеуге арналған кешен құрылысын жүргізіп,15 жаңа жұмыс орынын ашты, – деген аталыш партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы биылғы жылға арналған іс-шараларға да тоқталып өтті. Ағымдағы жылға жоспарланған 94 көрсеткіштің қазір бесеуі орындалған екен. Қалғандары да жыл соңына дейін жүзеге асуы тиіс.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале