Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Дариян ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна Макиевскаяның үйіне арнайы барып, мерейлі 99 жасымен құттықтады.
Сонымен қатар Марат Лұқпанұлы ардагерге облыс әкімі Ғали Есқалиевтың құттықтау хатын, гүл шоғын тарту етті. Одан бөлек, ардагерді бағып отырған қызы Надежда Карабасоваға да алғысын жаудырды.
Ардагерді құттықтауға БҚО Бәйтерек және Тасқала аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы майор Қуат Мателиев те келді. Ол да жылы лебізін білдіріп, Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған майдангерлер алдында бүгінгі ұрпақ қашан да бас иетінін жеткізді.
Өңір басшысы мен аудан әкімі Марат Лұқпанұлының және әскери қызметкерлердің көрсеткен сый-құрметіне ризашылығын білдірген майдангер дәл қазіргідей бақытты күндерімізді бағалап, өсіп келе жатқан ұрпағымыз аман болсын деген ақ тілегін білдірді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz