БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева мен БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова Казталов ауданының Жалпақтал ауылына келді.

Олар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ауыл тұрғындарына айтып берді.

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға жүгінетін көп балалы аналар Бибігүл Тишанқызы мен сала мамандарына өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті берудің жаңа қағидаты бойынша жергілікті учаскелік комиссияның қорытындысы басты шешім негізінде қабылданатыны түсіндірілді.
Басқосу соңында Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев облыс әкімінің орынбасары мен сала мамандарына тұрғындар атынан алғыс білдірді.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер