9.08.2025, 16:00
Оқылды: 130

Абай мұрасы сарқылмас қазына 

Жаңақала ауылындағы Тәуелсіздік саябағында аудандық мәдени-демалыс орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен қазақ елін әлемге әйгілі еткен, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толына орай, “Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы” атты әдеби-сазды кеші өтті.  

photo-output

Әуелі “Абай даналығы-халық мұрасы” кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақынның қара сөздері оқылды.  Содан соң, ойшылдың өмірінен сұрақтар қойылып, сауалдың дұрыс жауабын тапқан оқырмандарға сыйлықтар мен кітаптар тарту етілді.

photo-output

Әрі қарай, қонақтар қосыла ән шырқап, көркемөнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.  Иә, кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды.

photo-output

“Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесінің есімі ұмыт қалмайды.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале