9.01.2020, 13:16
Оқылды: 34

Абай тойы - рухани толысу тойы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың біртуары, хакім Абайдың туғанына 175 толуына байланысты «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жариялаған екен. Мақала жарыққа шығысымен, оқып шықтым.

terekti tolegenov

Абайын танымайтын қазақ жоқ, қазақты әлемге де танытқан Абай.Абай – халықтың ұлы. Ғасыр өтсе де өлмес жыр жолдары, нақыл сөздері бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге темірқазық болып отыр. Сондай Ұлы адамның мерейтойын өткізу күллі қазаққа міндет. Қасым-Жомарт Кемелұлы Абай мерейтойын ой-өрісімізді кеңейтетін, рухани тұрғыдан дамытатын шаралармен айшықты етіп өткізуді ұсынды.

Әсіресе, ұлттық сананы жаңғырту, масылдықтан арылу жайлы айтылған жерлері еліміздің алға қадам басуына сеп болары сөзсіз.

Өмірлік тәжірибе жинақтап, «ақсақал» атанған жасқа жетіп отырған азамат ретінде мен Қасым-Жомарт Кемелұлының осы мақалада келтірілген бастамаларын толықтай қолдаймын.

Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуудан арылайық. Ел ішіндегі татулықты, бірлік пен ынтымақты сақтайық.

Ынтымаққа, білім алуға шақырған Абайдың мерейтойын ұлы бабамыз көңілі толардай, әлем бірлігімізге сүйсінердей қылып өткізейік.

Мұсағалаи Төлегенов,

Теректі ауданының құрметті азаматы,

Теректі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале