6.06.2023, 15:00
Оқылды: 140

Абайла, суға шомылу қауіпті

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.

image-06-06-23-01-15

Ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі керек.

 

Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:

  • Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
  • Кемеге жақын жүзуге болмайды;
  • Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
  • Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
  • Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
  • Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
  • Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып, есін жоғалтуы мүмкін.

Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамай суға түсу маусымын бірінші болып ашады. Ал, ата-аналар болса балаларының қайда жүргенін біле тұра, олардың қауіп қатерге ұрынбауына тыйым салмайтыны өкінішті. Сондықтан ата-аналарға тағы да төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ЕСКЕРТЕДІ. Қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында балаларына түсіндіру мақсатында әңгімелер жүргізілсін. Өйткені су қоймалардағы ережелердің бұзылушылығынан қайғылы жағдайларға орын берілуде.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арқылы демалушыларға қараусыз күйде от жағуға, сөндірілмеген темекі қалдықтарын тастауға, балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейд жүргізу уақытында барлық демалушыларға аудан су қоймаларында сақ болуға, судағы қарапайым қауіпсіздікті сақтаулары жөнінде жадынамалар таратылуда. Қандай да болмасын өрт оқиғалары орын алған жағдайда «101» телефонына хабарлау қажет. Алдын алу іс-шаралары суға түсу кезеңі аяқталғанша жалғастырылады.

Мирас Нариманов,

Сырым ауданының ТЖБ бас маманы а/қ капитаны

сурет массагет сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале