4.06.2023, 10:07
Оқылды: 70

Адал еңбек. Сергек сана. Жастар рухы

Бүгінгі таңда ауылдағы жастар мемлекеттік қолдауларды жақсы пайдалануда. Бірі грант не несие алып, жаңа кәсіп ашып жатса, екіншілері жұмысқа тұрып, әлеуметтік жағдайларын жақсартуда. Мұндай мүмкіндікті өзгелердің пайдаланғаны жөн.

IMG_20230604_100003_220

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Бәйтерек ауданына жасаған сапары кезінде Дариянда аудан жастарымен кездескен кезде осы жайттар кеңінен сөз болды.

IMG_20230604_100002_495

-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Ол бойынша бес жылға 2,5 пайызбен несие берілмек. 1,5 жыл каникулы бар жобаға оралдық және аудан-ауылдағы жастар қызығушылық танытуда. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл жастар үшін шағын несие беру көзделіп отыр. Оған облысымыз бойынша 1 млрд 190 млн теңге көлемінде несиеге қаржы қаралды. Егер кәсіп ашқыңыз келсе, 5 млн. теңгеге дейін шағын несие алуға болады. 238 батысқазақстандық жасты қамту жосарлануда. Қазіргі таңда 100-ден аса өтініш түсті,- деді жиынды ашқан Бақытжан Хаберұлы. 

IMG_20230604_100003_169

Содан кейін сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұрсәуле Есенғалиева жастарға шағын несие беру бағытында Бәйтеректе атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, бұл несие 35 жасқа дейінгі жұмыссыз ретінде тіркелген немесе жеке кәсіпкер болып табылатын жастарға арналған. Егер мал шаруашылығымен айналысу үшін болса - 7, өзге салалар бойынша 5 жылға дейін беріледі. 1,5 жыл каникул қарастырылған. Қазіргі таңда ауданда 30-ға жуық жас осы несиені алуға өтініш берді, әзірге олардың 10-ы комиссияның оң қорытындысын алды. Мұнда көбінде кепіл затқа және несие тарихына байланысты түйткілдер туындауда. «Біз ауылдық округтарға шығып, ақпараттардыру жұмыстарын жүргізудеміз,- деді Нұрсәуле Әуелбекқызы. - Мұндай мемлекеттік қолдауды естіген жастар құжаттарын реттеп жатыр.  Құжат дегеннен шығады, көбінде кепіл зат ретінде үйін қоюға келгенде, құжаттары дұрыс болмай шығуда. Мәселен, үйге жалғап бір бөлме салып, оны құжатқа уақтылы енгізбей қалғандар аз емес».

IMG_20230604_100002_271

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қаладан ауылға келіп ісін бастап жатқан жастарға мемлекеттік грант айтарлықтай қолдау болып жатқанына тоқталды.

-Таяуда 400 АЕК көлемінде берілетін мемлекеттік гранттың ІІ кезеңі бойынша аудандық комиссия отырысы өтті. Оған көп балалы болып табылатын жас отбасылардың қатысуы қуантады. Мысалы кеше жобасын қорғаған жанның бірі бұрын қалада көлік шанағын жөндеумен айналысып, енді ауылына келіп, осы ісін жалғастырып жатқанын айтты. Ол өз ақшасына гараж салған, енді грант қаржысы арқылы қажет құрал-жабдықтар алуға ниетті. Осыдан-ақ қалада өркендеген бизнес бүгінде ауылда да қанат жаып жатқанын көруге болады,-деді Ерлан Ерсайынұлы. 

Кездесу барысындан мемлекеттік қолдау алған жастар өз кәсіптері жөнінде баяндап, замандастарын мүмкіндіктен қапы қалмауға шақырды. Солардың бірі - Думан Қалқоразов. Дариян ауылында тұратын ол былтыр мемлекеттік грантқа ие болып, ол қаржыға үш бас сүтті бағытта ірі қара алған. Бүгінде сүт өнімдерін сату арқылы отбасы бюджетіне айтырлықтай кіріс кіргізіп отыр. Енді жастарға берілетін несие алып, мал басын тағы да көбейткісі келеді. Ал Бейбітшілік ауылынан келген Ринат Агасиев те несие алып, өрнектас шығаруға ниетті. 

IMG_20230604_100003_166

Кездесуден соң облыс әкімінің орынбасары Дариянда жеке стоматология ашқан Ернар Кенжебектің жұмыс орынмен барып танысты. Бұрын Переметныйда тіс емдеп, тәжірибе жинаған соң Дариянға келіп өз ісін бастаған. Көп балалы отбасы ретінде оған үй берілді.

IMG_20230604_100002_491 Мемлекеттік грант қаржысына тістің рентген аппаратын алған. «Президентіміз бізді адал еңбекке шақырып, жастардың рухы биік, санасы сергек болуға үндеген болатын, - деді Ернар Кенжебек. - Біз сол биіктен көруге тиіспіз. Мемлекет тарапынан оған қажет нәрсенің бәрі жасалуда».

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале