1.03.2021, 9:30
Оқылды: 38

«ADAL KOMEK» жобасы жалғасын тапты

Тікелей эфир арқылы Бәйтерек ауданы тұрғындарын осы кезге дейін атқарылған және болашақта атқарылатын жұмыстардан құлағдар етіп отыратын бұл жоба биыл да қолға алынды. 2021 жылы алғашқы эфирге Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов шықты. D4DBDB3F-BC4C-44B1-92D7-C1329AD2AD8E

Наурыз айында өтетін іс-шаралар туралы баяндаған Радик Мақсотұлы 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай аудан орталығында орналасқан «Бейбітшілік және келісім» саябағында аудан әкімі Марат Тоқжановтың қатысуымен «Рахмет саған, туған ел» атты іс-шараның өтетінін атап өтті.  

-Наурыз айына жоспарланған шаралар барысында пандемия кезінде көзге түскен құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері, еріктілер қозғалысы белсенділері марапатталатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бастау алған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы да жалғасын таппақ. Бұдан бөлек 1-23 наурыз аралығында халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырылған онлайн челлендждер, қайырымдылық акциялары, дөңгелек үстелдер мен кездесу кештері өтеді,- деді Радик Ихласов.

«Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфирлер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале