13.08.2020, 12:17
Оқылды: 36

«Адалдық алаңы» - Казталовта

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Төлеген Байғұлов, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет бастаған мониторингтік топ жұмыс сапарымен Казталов ауданында болды.

1057FF38-4C99-450F-AB13-D73D09E24967

Жұмыс тобы алдымен аудан орталығындағы дәріхананың жұмысымен танысып, дәрі-дәрмектердің бағасының тұрақтылығына бағдар жасады. Мониторинг тобының мүшелері "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүрген тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен бірге жұмыс тобы аудандық әкімдіктің ғимаратында болып, Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиевпен аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы тікелей эфирде сұхбат жүргізді.

Сондай ақ Казталов ауылындағы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған жалдамалы екі қабатты үйдің құрылыс сапасын да қарап шықты. Төлеген Зейнешұлы осы үйде тұрып жатқан тұрғындармен тілдесті. Содан кейін жұмыс тобының мүшелері аудан орталығында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердегі қара жамылғы төсеу жұмыстарының сапасымен танысып, мердігер компания өкілдерімен кездесті.

Жұмыс тобы Болашақ ауылдық округіне де ат басын бұрып, әкімдіктің халыққа қызмет көрсету бұрышын тексеріп, жөндеуден өтіп жатқан мектеп ғимараты бойынша сұрақтарына жауап алды.

 Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале