Жастайынан әскери адам болуды армандаған сарыөмірлік Райымбек Маратов – бүгінде арманын ақиқатқа айналдырған жан.
Жақында Ақтау қаласында №390 теңіз жаяу әскері бригадасында взвод сержанты болып қызмет ететін жерлесімізбен тілдесудің сәті түскен еді. Әскери мамандыққа мектеп қабырғасында оқып жүрген сәттен дайындығын бастаған Райымбек Саматұлы спортпен күнделікті шұғылданған.
Он бірінші сыныпты аяқтаған соң, Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусына оқуға түседі. Екі жыл оқып, кіші командалық құрамда білім нәрімен сусындаған ол:
- Отан қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл абыройлы қызметсіз өмірімді елестете алмаймын. Әскер мені темірдей тәртіпке үйретті. Батыр Б.Момышұлы атамыз: «Әскери бөлімнің күші жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта», - деген. Қызмет бабында жүріп, өзім секілді жауынгер достар таптым. Әскери достар Отанға қалай адал болса, досқа да дәл сондай адал. Біз үшін адалдық басты орында, - дейді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz