21.07.2023, 14:30
Оқылды: 23

Әдеби-музыкалық кеш өтті

Егіндібұлақ ауылдық кітапханасы, Зеленое ауылдық модельді және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Халқымыздың асыл мұрасы - киіз үй» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өтті.

FB_IMG_1689923845336

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болған шараны ашқан Егіндібұлақ ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Мәулет Мұхтаров  қонақтарға «қош келдіңіз» айтқан соң, кеш тізгінін Зеленое ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Елена Крапивина мен Егіндібұлақ кітапханашысы Данагүл Алхамова алды.

Кейін кітапхана қызметкері Ләззат Мизанбаева оқырмандарға «Киіз үй - құт қонған қазақтың үйі» атты кітап көрмесін таныстырды.

FB_IMG_1689923911405

Іс-шара барысында Зеленое ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Кира Тенчурина газеттен жасаған киіз үйін ала келіп, қонақтарға шағын шеберлік сағатын өткізді. «Киіз үй» атты өз жанынан шығарған өлеңін оқып берді. Одан әрмен бүлдіршін қыздар «Қазақ биін» билеп кештің сәнін келтірсе,  Әсет Нығыметовтың орындаған  «Ауылдың адамдары – ай», Анатолий Калошаның «Деревенька», Данагүл Алхамованың шырқаған «Қазақ осы» тағы да басқа қазақша әндер қонақтардың көңілін көтерді.

Кейін Манарбек Кенжеғалиев «Мен қазақпын», Арайлым Ермек «Үш бақытым», Абай Ермек «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқып, шараның шырайын аша түсті.

Кеш соңында қонақтар киіз үйдегі арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.

Нұрсұлу Қазбекқызы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале