10.10.2024, 15:00
Оқылды: 109

Әдебиетшілер үйінде алғашқы кездесу өтті

Ақжайық ауылында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай есігін айқара ашқан Әдебиетшілер үйінде өңіріміздің қаламгерлері бас қосты.

IMG_5077 (1)

Жылы жүздесуді Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин тізгіндеді. Ортадан Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев да табылды.

Әдебиетшілер үйінің ашылу салтанатына қатысқан ақын-жазушылар рухани ошақтың жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Қаламгерлер шығармашылықтары жөнінде тарқатты. Жүздесу барысында қазақтың аяулы ақын қызына Сағынтай Бисенғалиев өлең оқыса, жас айтыскер Әділ Ахметов арнау айтты.

IMG_5102

«AQJAIYQ» арнасының директоры Клара Қамбетова арнаның алпыс жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальді Ақұштап Бақтыгерейқызына табыстады. Содан соң ақынның 80 жасына арнап, арна түсірген бағдарламадан үзінді көрсетілді.

IMG_5109

– Бүгінгі ашылып отырған Әдебиетшілер үйі қазақ әдебиетінің өркендеуіне зор үлес қосады деген ойдамын. Тамыры терең, топырағы құнарлы, шежіресі көп өлкенің тарихы, руханияты түгенделе берсін,- деді «Алаш» сыйлығының иегері Қазыбек Құттымұратұлы. 

– Теректі топырағы тұнған тарих. Соны зерттеу керек, зерделеу керек. Жас зерттеушілерге қолдау табылғаны жөн, - деді Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерейқызы.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале